Бұл туралы мүфтияттың ресми сайтында хабарланған.
Фото: ҚМДБ
ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандықтарды 2026 жылы қажылық пен кіші қажылыққа апаратын туристік операторлар арасында конкурс жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық және кіші қажылық саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу үшін, сондай-ақ қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатымен «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлудің ережесі» негізінде 2026 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік операторлар арасында конкурс жариялайды», - деп хабарланған мүфтияттың ресми сайтында.
Мүфтият қазақстандықтарды 2026 жылы қажылыққа апаратын туристік операторларға мынандай талап қойып отыр:
- саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
- Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
- Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
- Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
- ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
- ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты).
«Аталған құжаттар 2025 жылғы 18 тамыздан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2025 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады. Осы мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туроператордың ұсыныстары қаралмайды», - деп ескертеді мүфтият.