Енді мүгедектік дәрежесін анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін

0
76

Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін куәландырудың жаңа форматын пилоттық режімде апробациялау жоспарлануда.


Енді мүгедектік дәрежесін анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін

Фото: negatoscope.ru

ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) моделін әзірлеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Жасанды интеллект медициналық құжаттардан деректерді тану және құрылымдау жүйесі ретінде пайдаланылмақ, бұл ұсынылған мәліметтердің толықтығын анықтау, диагноздарды еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесімен (ауру түрлерінің халықаралық жіктемесіне сәйкес) салыстыру, сондай-ақ қорытынды шешім бойынша ұсынымдар беру сияқты процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Бұл құралды енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, барлық кезеңдерде адами факторды жояды, мүгедектік тобын анықтау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.

Қазіргі уақытта ЖИ моделін оқыту, электрондық құжаттарды ұсыну үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау, клиникалық диагнозды растайтын барлық емдеу-диагностикалық, зертханалық және аспаптық зерттеулерді цифрландыру және құрылымдалған түрде беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.