Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биометриялық сәйкестендіру терминалы арқылы паспорттар мен жеке куәліктер беруге арналған пилоттық жоба туралы бұйрықтың жобасын талқылауға шығарды, деп жазады inbusiness.kz.
– Пилоттық жобамен Республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт-офистерінде биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, құжаттау терминалы арқылы "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсету 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады, – делінген баспасөз-релизде.