Енді тапшы мамандыққа резидент болып орналасып, диплом ала аласыз

0
959

Енді мемлекеттік грантпен білім алғандар үш жыл сол салада жұмыс істеуге міндеттеледі.


Енді тапшы мамандыққа резидент болып орналасып, диплом ала аласыз

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінде 2019-2020 оқу жылында дәрігер мамандығында оқитын студенттердің оқу уақытының көбін емханада өткізуі керектігі айтылды, деп жазады Алтайньюс.

– Өткен оқу жылында практика теориямен қабаттасып жүргізіліп отырса, биыл ол өзгерді. Енді болашақ дәрігерлер уақыттарының көбін емханада іс-тәжірибемен өткізуі керек. Олар өндірістегі шынайы жұмыспен танысып, білуі керек. Мұны «тәжірибе арқылы оқып-білу» деп атайды, – дейді Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Сәуле Сыдықова.

Бұдан бөлек енді мемлекеттік грантпен білім алғандар үш жыл сол салада жұмыс істеуге міндеттеледі. Бұдан құтылудың бір ғана жолы бар. Ол үшін тапшы мамандыққа резидент болып жұмысқа орналасу керек. Сонда сол саланың дипломын да алып шығасыз. Биылдан бастап резидентурадан ақылы түрде өту алынып тасталғанын айта кетейік.

Сәуле Сыдықованың айтуынша, осылайша өңірлердегі дәрігерлер тапшылығын жеңуге болады.