Енді жүргізушілер барлық құжатты алып жүруге міндетті ме? – ІІМ жауап берді

0
110

ІІМ қазақстандықтарды расталмаған мәліметтерді таратпауға және тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.


Енді жүргізушілер барлық құжатты алып жүруге міндетті ме? – ІІМ жауап берді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге мессенджерлер арқылы таралып жатқан жалған ақпаратқа байланысты түсініктеме берді, деп жазады baq.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, көлік жүргізушілері міндетті түрде барлық құжатты өзімен бірге алып жүруі тиіс деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бүгін, яғни 5 қаңтарда Telegram-арнасында мәлімдеді.

WhatsApp мессенджерінде жүргізушілер енді барлық құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті деген мазмұндағы дауыстық хабарлама – жалған, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

ІІМ қазақстандықтарды расталмаған мәліметтерді таратпауға және тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.