Петропавлдағы жылу орталығында екінші рет апат болды.
ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрлігі Петропавлда болған жылу орталығындағы апатқа қатысты түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.
«26 наурызда сағ. 21.30-да Петропавл ЖЭО-2-де қолайсыз температуралардың (-13 С) әсерінен ашық жылу контуры салдарынан импульстік түтіктердің қатып қалуына алып келді. Себебі - 20 наурыздағы мұржаның құлауы және сыртқы температураның төмендеуі салдарынан цехтың қысымсыздануы», - делінген ресми мәліметте.
Хабарламада айтылғандай, апатты жағдайдан 3 қазандықтың жұмысы тоқтаған.
«Қазіргі уақытта импульстік түтіктер жылытылды, ЖЭО-2-де 3 қазандық жұмыс істеп тұр. 4-ші қазандықты іске қосу басталды, жақын арада 5-ші қазандық агрегаты жұмысқа қосылады. Сондай-ақ, желідегі температура 45 С, кешке дейін температура режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр», - дейді министрліктен.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Петропавлдағы жылу орталығында екінші рет апат болды.