​Ер адам 2,4 миллион теңге тұратын 66 рельсті ұрлап кеткен

0
1 034


​Ер адам 2,4 миллион теңге тұратын 66 рельсті ұрлап кеткен

ERNUR.KZ. Көлік полицейлері жалпы сомасы 2,4 миллион теңге болатын теміржол заттарын ұрлаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үштөбе станциясында Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Лепсі теміржол станциясынан 66 рельс ұрлаған 34 жастағы ер адам ұсталды. Келтірілген шығынның жалпы көлемі - 2,4 миллион теңге", - деп хабарлады көлік полицейлері.

Күдікті кінәсін мойындады. Сарыарқа аудандық сотының үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.