ҚМДБ мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы екенін атап өтті.
Фото: Дзен
ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі мешітте ер адамның қыз балаға бір түндік неке қидырып, жыныстық қатынас ұсынуына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады ulysmedia.kz.
ҚМДБ мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы екенін атап өтті.
- Онда келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені мұндай әрекет мұсылмандыққа жат, әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес.
ҚМДБ жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге үндейді. Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ, делінген хабарламада.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Айта кетейік, оқиға 24 шілдеде Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде болған. Ер адам намаз оқып шығып келе жатқан қыз балаға әдепсіз сөздер айтып, қимылдармен, ишарамен және ыммен тиісіп, бір түндік неке қиып, жыныстық қатынас ұсынған.
29 шілдеде сот өтіп, ер адам бес күнге қамауға алынған.