Ерейментауда 10 жасар бала өлі күйінде табылды

0
156

​Қазір трагедияның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр.


Ерейментауда 10 жасар бала өлі күйінде табылды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Ерейментау қаласында 10 жасар баланың денесі үйінің ауласынан табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

10 жасар баланың мәйіті өз үйінің ауласынан табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылық ізі болған жоқ. Полиция болған оқиғаны растады.

«28 сәуірде Ерейментау ауданында 2015 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, бала асылу арқлы суицид жасаған. Қылмыстық іс тіркелді», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД.

Қазір трагедияның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр.

Nayzakokshe мәліметі бойынша, баланың денесін әкесі тапқан. Оның отбасында төрт бала бар.