Қазір қызыл жалын 25 гектарды шарпыды.
Ерейментау ауданында дала өртеніп жатыр, деп жазады 24.kz.Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, өрт бүгін сағат 11-ге таяу Жаңажол ауылы тұсынан басталған. Қазір қызыл жалын 25 гектарды шарпыды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Елді мекендер мен орманға қауіп төніп тұрған жоқ. Сөндіру жұмыстарына 30 адам мен 14 техника жұмылдырылды.