Ерлан Қожағапановтың не үшін ұсталғаны жарияланды

0
557

Қожағапановтың өзі сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.


Ерлан Қожағапановтың не үшін ұсталғаны жарияланды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы вице-министрдің не үшін ұсталғанын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

1 наурызда мәдениет жене спорт экс-вице-министрі Ерлан Қожағапанов ауыр жемкорлық кылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.
“Ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV Өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есеге өсті, соның салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалды”, - деді агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов бүгінгі брифингте.
Қазіргі кезде қылмыстық жолмен келген ақшаға сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынды. Қожағапановтың өзі сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.