Ертең базар иелерін бюджеттен қолдау бағдарламасы іске қосылады

0
235

Мемлекеттік қолдау шаралары «Даму» қоры арқылы іске асады.


Ертең базар иелерін бюджеттен қолдау бағдарламасы іске қосылады

Фото: Александр Павский/Kazinform

ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әділбеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында елдің 3 мегаполисінен басқа қалалардағы базарларды қолдаудың жаңа тетігі іске қосылатынын айтты, деп жазады inform.kz.

«2024 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті тарапынан ішкі сауда субъектілерін жаңарту үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету басталады.

Мемлекеттік қолдау шаралары 2 түрлі тәсіл арқылы көрсетіледі. Біріншісі – несие мөлшерлемесін субсидиялау, екіншісі – несиеге кепіл болу», - деді комитет төрағасы.

Оның сөзінше, аталған мемлекеттік қолдау шаралары 4 түрлі мақсатқа бағытталған. Олар:

1. Сауда базарларын жаңғыру үшін;
2. Сауда объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау үшін:
3. Үй жанынан дүкен салу үшін
4. Осы салада IT бағдарламалар жасау үшін.

«Бұл бағдарламаға еліміздегі 3 мегаполис Астана, Алматы, Шымкент қалалары және елдегі ойын-сауық орталықтары қатыса алмайды. Бағдарламаның шарты бойынша сауда нысандарына қатысты жобаларын облыс орталықтарында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерге берілетін максималды сома – 3 млрд теңге. Ал жобаны моноқалаларда немесе ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратындар үшін берілетін максималды сома – 1,5 млрд теңге», - деді Айдар Әділбеков.

Мемлекеттік қолдау шаралары «Даму» қоры арқылы іске асады.