Ертең түстен кейін күн тұтылады

0
1 022

17-20 қараша күндері аса сақ болған жөн.


Ертең түстен кейін күн тұтылады

ERNUR.KZ. 19 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:02-де еліміздің азаматтары күннің тұтылғанын тамашалай алады, деп жазады exk.kz.

Күннің тұтылғаны көп адамның өміріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сондықтан астрологтар мұндай құбылыс кезінде аса сақ болуға шақырады. Айтуларынша, күнннің тұтылу күні адамдармен қарым-қатынасты шектеп, қоңырауларға жауап бермеген дұрыс.

"Әсіресе 17-20 қараша күндері аса сақ болған жөн. Көлік жүргізу кезінде, қауіпті жұмыстарда мүмкіндігінше абай болыңыз. Тәуекелді ойын-сауық пен спортты тастаңыз. Шамдарды қараусыз қалдырмаңыз. Жалпы отқа, электр құрылғыларына абай болыңыз", дейді астрологтар.

Сондай-ақ астрологтар бұл күндері үлкен істі бастамауға, адамдармен ұрыспау және хирургиялық операцияларды жасамауға кеңес береді. Алкогольді ішімдіктен де бас тартқаныңыз абзал.

"Жағымды музыка тыңдап, жасыл немесе қызғылт түсті киім киіңіз, ал дастарханға алма мен гүлдер қойыңыз. Сонымен қатар үйді жинап, ескі заттың бәрін сыртқа шығарып тастаңыз", — дейді астрологтар.