Ес-түссіз құлап көз жұмған қыздың анасы мәлімдеме жасады

0
11 363

Дәрігерлер 7 жасар қыздың өлімін "механикалық асфиксия" яғни бала тілін жұтып қойған деп берді


Ес-түссіз құлап көз жұмған қыздың анасы мәлімдеме жасады

фото: nur.kz.

ERNUR.KZ. Ақтөбеде белгісіз жағдайда көз жұмған жеті жасар бүлдіршіннің анасы қызының өліміне қатысты мәлімдеме жасады. Осындай қайғылы жағдай отбасында екінші рет болып отыр екен. Сегіз баланың анасы осымен екі қызынан айрылған деп, жазады nur.kz.

Динара Баймағамбетова 7 жасар қызының күні кеше қалай қайтыс болғанын айтып берді.

"Сол күні таңда қызым сергек жүрді. 3 қараша демалыс күні болатын. Қызымның қызуы көтеріле бастады. Қызуы түстің кезінен бастап 39,6-дан түспей қойды. Мен оны өледі деп ойлаған жоқпын. Ол дәрігер келгенше жата тұрайын деп күліп жатты. Сол күліп жатып талып қалды", - дейді анасы Динара Баймағамбетова.

7 жасар Інжу Жанкинаның өлімін "механикалық асфиксия" деп берген. Яғни бала дәрігерлер келгенше тілін жұтып қойған.

"Соңғы кезде қызым тұйық болып кетті. 2011 жылы үлкен қызым 5 жасында қайтыс болған еді", - дейді анасы.

Келіншектің төрт ұл, төрт қызы бар. Келіншек санитар болып қызмет жасайды. Қазір бала күтімімен үйде отыр.

Естеріңзіге сала кетсек, бұған дейін үйінде қызуы көтеріліп, ес-түссіз құлаған бүлдіршіннің жедел жәрдем қызметкерлері жеткенше қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.