Есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палата құрылады

0
775

Мемлекет басшысы республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейту қажет екенін айтты.


Есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палата құрылады

Елімізде есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палата құрылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлімдеді.

"Төменгі палатаның құзіретін кеңейту қажет. Елімізде көптеген ауқымды жоба, бағдарлама бар, бірақ түрлі себепке байланысты оларды жүзеге асыру барысы көңіл көншітпейді. Сондықтан парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын. Оның төрғасы мәжіліс депутаттары алдында жылына 2 рет есеп беруге тиіс", - деді Тоқаев.