"Ешкімді мінгестіргім келмеді": Мақпал Жүнісова скутер айдап, елді күлдірді

0
114

Өнер иесі Дубайға демалысқа кеткен еді.


Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal.

ERNUR.KZ. ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова скутер тізгіндеп, оқырмандарын күлкіге қарқ қылды, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі Дубайға демалысқа кеткен еді.

“Ешкімді мінгестіргім келмесе, осылай болады. “Мына апама бағыт-бағдар беріп жіберейін” деп ойласа керек. “Ноу-ноу” десем де, түсінбеді. Есін білгелі ол бала осы теңіздің жағасында екен. Бүгін көрдім, маған қарап ыржиды”, – деп жазды халық әртісі.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің видеосын бірнеше рет көргендерін жарыса жазып жатыр.

“Бірнеше рет қайталап көргендер бар ма?", “Сізбен біресе жылап, біресе күлетін болдық”, “Шынымен сіз бе? Тоқтамай күлдім ғой", "Сенген серігім сен болса" дегендей болды ғой", "Мақпал ханым жүрген жерінде күлкіге қарқ етіп жүреді", "Бәрін күлдіреді де, жүреді", "Ана жігітке обал болыпты. Оңбай құлапты", – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Мақпал Жүнісова кішкентай көрерменіне риза болып, бриллиант сақинасын сыйлап жіберген еді.