Есік қаласының дәрігерлері жасөспірімдер соққыға жыққан ер адамның жағдайын айтты

0
655

Кейін Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының криминалды полициясы 2006, 2007, 2008 жылдары туған үш жасөспірім анықталды.


Есік қаласының дәрігерлері жасөспірімдер соққыға жыққан ер адамның жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Есік қаласының дәрігерлері жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан Таутүрген ауылының 49 жастағы тұрғынының қазіргі жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушінің өміріне енді қауіп төніп тұрған жоқ.

"Жағдайы тұрақты, жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Дүйсенбіде шығаруға дайындалып жатырмыз", - деді Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының өкілі.

Еске салайық, 49 жастағы тұрғын Есік ауруханасына 7 наурызда 3:17-де жеткізілген еді. Кейін Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының криминалды полициясы 2006, 2007, 2008 жылдары туған үш жасөспірім анықталды. Олар ер адамды ұрып-соқты деген күдікке ілінген. Қазір оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тергеу жүріп жатыр.