"19 наурызда бала есін жимай көз жұмды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
ERNUR.KZ. Оралда дәрігерлер жергілікті Asia Mall сауда орталығында анасы эскалатордан түсіріп алған тоғыз айлық қыздың шетінеп кеткенін хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Айта кетейік, екінші қабаттан құлаған сәби бірден қалалық көп салалы ауруханаға жатқызылды. Баланың жағдайы аса ауыр деп бағаланды. Жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Қыз балаға ауруханада қан құйылды.
"19 наурызда бала есін жимай көз жұмды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға 13 наурыз күні болған. Эскалатормен көтеріліп келе жатқан 35 жастағы әйел баланы қолына ұстай алмай, 4-5 метр биіктіктен құлатып алды. Оқиғаның видеосы желіде пайда болды.