​Есірткі таратты деп күдікке ілінген қазақстандықтар Черногорияда қамауға алынды

0
98

Қаскөйлер есірткі және психотроптық заттарды сату; оларды тұтынуға итермелеу; ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу; лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деп күдікке ілінген.


​Есірткі таратты деп күдікке ілінген қазақстандықтар Черногорияда қамауға алынды

Фото: ҚР ІІМ

ERNUR.KZ. Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, деп жазады inform.kz.

Ведомство атап өткендей, қаскөйлер есірткі және психотроптық заттарды сату; оларды тұтынуға итермелеу; ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу; лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деп күдікке ілінген.

— 2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды. Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартумен, сондай-ақ барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан. Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов есірткі сататын сайттардың анонимді қолданушыларын әшкерелеуге не кедергі екенін айтты.