Есірткіге күдікті әнші Navai Қазақстанда қамауға алынған соң Ресей тарабы нота жолдады

0
81

Полиция оның қамаудағы жағдайы туралы қосымша ақпарат берген жоқ.


Есірткіге күдікті әнші Navai Қазақстанда қамауға алынған соң Ресей тарабы нота жолдады

Фото: Әлеуметтік желіден
ERNUR.KZ. Ресейлік рэпер Navai Қазақстанда есірткіге қатысты күдікпен қамауға алынғаннан кейін Ресей тарапы Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады, деп жазады Stan.kz.

Navai Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында ұсталғаннан кейін бірнеше күн Қордай ауданындағы уақытша ұстау изоляторында болған. Сол жерде өткен сот оны екі айға қамау туралы шешім шығарды. Кейін рэпер Тараздағы тергеу изоляторына ауыстырылды.

Ресейдің бас консулдығы музыканттың қайда отырғаны және оны ұстау жағдайы туралы ақпарат сұратқан.

“Ресей тарапының ұсталған азаматтары мен олардың қайда екені туралы ақпарат беру жөніндегі нотасы Сыртқы істер министрлігіне түскен. Бұл – консулдық жұмысындағы қалыпты тәжірибе. Министрлік тиісті сұрауды Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдайды”, – деді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.

Полиция оның қамаудағы жағдайы туралы қосымша ақпарат берген жоқ.

Оқиғадан кейін рэпердің Астанада және шетелдерде жоспарланған концерттері белгісіз мерзімге шегерілді. Ал Қырғызстанда тыйым салынған заттардың шекара бекеті арқылы қалай өткені тексеріліп жатыр.