ERNUR.KZ. Қала күні мерекесі аясында 17 қазан күні Қолөнершілер орталығында «Тұғырлы Түркістан» атты қолөнер көрмесі өтті.
«Балалар қолөнер мектебі» МКҚК ұйымдастырған көрменің мақсаты – қаланың тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлі қолөнерін насихаттау, шеберлердің шығармашылық туындыларын көпшілікке таныстыру және ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру.
Көрмеде қолөнер шеберлері өздерінің бірегей туындыларын ұсынды. Атап айтқанда, киізден жасалған және тоқылған бұйымдар, зергерлік әшекейлер, ұлттық киім үлгілері, сәндік бұйымдар, ағаштан жасалған композициялар, ұлттық нақыштағы былғары бұйымдар, қыш құмыралар мен қылқалам шеберлерінің сурет туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара ұлттық қолөнерді дәріптеуге, шеберлердің еңбегін танытуға және халқымыздың бай мәдени мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге бағытталды.


