"Ескертемін деп, көз жұмды": Алматы-Қорғас тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды

0
1 162

Жол апаты түнде, Алматы-Қорғас тас жолының 103-ші шақырымында орын алған.


ERNUR.KZ. Алматы облысында Алматы - Қорғас тас жолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп жазады Stan.kz.

Жол апаты түнде, Алматы-Қорғас тас жолының 103-ші шақырымында орын алған. Шығыс бағытта Mercedes с-класс автокөлігі келе жатқан. Белгісіз себептермен жүргізуші рөлді басқара алмай, көлік жол жиегіне шығып кетіп, металл қоршауға соқтығысқаннан кейін қайтадан жол бойына көлденең тұрып қалған.

Жолдың бойында жарық болмағандықтан, Mercedes жолаушысы жолға шығып, кедергі туралы өтіп бара жатқан жүргізушілерді ескертуге тырысты. Алайда Subaru жүргізушісі жолда тұрған адамды кеш байқап, оны қағып, 20 метрге Mercedes көлігін сүйреп әкеткен.

Нәтижесінде жолға шыққан жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Mercedes жүргізушісін ес-түссіз күйінде тапқан. Subaru жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізілді. Мән-жайларды анықталып, сараптама тағайындалды.