Этноауыл, шығыс базары, киіз үйлер және рекордты құрақ көрпе: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қандай қызықтар болады

0
398

Этношатырда сән көрсетілімдері ұйымдастырылады.


Этноауыл, шығыс базары, киіз үйлер және рекордты құрақ көрпе: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қандай қызықтар болады

Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін үниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениет пен дәстүрдің нағыз іс-шарасы болмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасы аясында театрлар шеруі, Қазақстан Суретшілер Одағының жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Этношатырда сән көрсетілімдері ұйымдастырылады.

Күн сайын таңертеңнен кешке дейін басты сахнада концерттік бағдарламалар өтеді, оның соңы кешкі гала-концерттер болмақ.

Этнофольклорлық ансамбльдер, Қазақ ұлттық оркестрлері, солистер мен би ұжымдары дәстүрлі этникалық стильде өнер көрсетеді.

Этноауылда туристер мен қонақтар дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм татуға болатын Қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұсынылады.

Этноауыл шамамен 10 га жерге орналасады және бірнеше орынға бөлінеді: Орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар арнайы қала.

Сондай-ақ, этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын нағыз шығыс базары ұйымдастырылады. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады.

Оның ішінде қолөнершілер ұлттық бұйымдарды жасау тәсілдерін көрсетеді. Сол сияқты зергерлік бұйымдар, былғары өңдеу, керамикалық мүсін бойынша шеберлік сыныптарын көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық қатысушы қатысады деп күтіліп отыр.

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады.