Жақсылық биылғы маусымда "Астананың" тұрақты ойыншысына айналды, ол Қазақстан Премьер-лигасында 15 матч өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
ERNUR.KZ. Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Жақсылыққа литвалық "Кауно Жальгирис" клубы қызығушылық танытты. Ойыншы Еуропада бағын сынап, Астанадан кетуге бел буған, деп жазады stan.kz.
Литвалық клуб осы жазда "Астанадан" Нұрәлі Жақсылықты сатып алғысы келіп, ойыншының трансферлік құнының жартысын (шамамен 50 000 еуро немесе шамамен 30 миллион теңге) ұсынған, бірақ елордалық клуб бас тартты. Сонымен қатар 20 жастағы ойыншыға Испаниядан ұсыныс түсті, бірақ Астана оны қабылдамады.
Жақсылықтың "Астанамен" келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Ол елордалық командадан еркін агент ретінде кетуі мүмкін, бірақ "Астана" Нұрәліні сақтап қалу үшін бар күшін салады. Ойыншының өзі мансабын Еуропада жалғастыруға ден қойған.
Бұған Астанадағы қызу бәсеке себеп болуы мүмкін, өйткені жас қазақстандықпен команда капитаны Марин Томасов бір позицияда ойнайды.
Айта кетейік, Жақсылық биылғы маусымда "Астананың" тұрақты ойыншысына айналды, ол Қазақстан Премьер-лигасында 15 матч өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.