"Фитнес болады": Мектеп директоры толық жігіттерді еден жууға шақырды (видео)

0
1 171

Директор өзі басқарып отырған мектеп мұғалімдері мен оқушыларын да эстафетаны қолдауға шақырған.


фото: kaz.nur.kz.

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы білім бөлімі басшысының "Өзіңнен баста" эстафетасын Ақтөбе қаласындағы №60 мектептің директоры Абзал Тәжімішев қабылдады. Директор мектепке ерте келіп, бөлмесін тазалап, еденін жуған, деп жазады kaz.nur.kz.

Костюмін бір сәтке алжапқышқа алмастырған Абзал Тәжімішев 15 минуттық тазалық жұмысы салмақ тастауға көмектесетінін айтады.

"Кабинетті тазалауға аптасына бір-екі рет көңіл бөліп тұруға болады. Тазалық әрдайым өзімізден басталады. Қаламыздың, ауданымыздың, мектебіміздің, подъезіміздің тазалығы өзімізге байланысты. Мен эстафетаны жалғауды қала әкімі Мавр Абдуллинге және қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменовке жолдаймын. Ел ағалары халық қызметшісі екенін ұмытпау керек. Азаматтар игі шараны қолдайды деген ойдамын", - дейді Абзал Тәжімішев.

Мектеп директоры кабинет тазалау жұмыстарының жақсы жаттығу болатынын да ескертті.

"Таңғы тазалық жұмысы 10-15 минутқа жүгіргенмен тең. Жақсы энергия шығарады. Мен секілді анау-мынау толық жігіттерге жақсы фитнес болады екен. Кеңес беремін", - дейді ол.

Директор эстафетаны өзі басқарып отырған мектеп мұғалімдері мен оқушыларын да қолдауға шақырған.