​Француз даму агенттігі Арал маңындағы мектептерге 2,4 млн еуро бөлмекші

0
171

Француз даму агенттігі мемлекеттік және жеке компанияларға 15 жылға дейінгі ұзақ мерзімді қарыздар беру арқылы қолдау көрсетеді.


​Француз даму агенттігі Арал маңындағы мектептерге 2,4 млн еуро бөлмекші

Фото: ҚР Парламент Сенаты

ERNUR.KZ. Сенат депутаттары Француз даму агенттігінің Қазақстанды қолдауға бағытталған жоспарын ратификациялауға арналған заңды мақұлдады, деп жазады inform.kz.

Құжатты таныстырған сенатор Бибігүл Жексенбай аталған келісімге Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға 2023 жылы жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол қойылғанын еске салды.

"Келісімнің мақсаты - Француз даму агенттігі тобының Қазақстандағы қызметінің құқықтық, салықтық және қаржылық шарттарын айқындау. Бұл ұйым 115 елде 4000-нан астам жобаны жүзеге асырып келеді. Келісімде Француз даму агенттігінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесі және рұқсат етілген қызмет түрлері айқындалған, - деді депутат Сенат отырысында.
Француз даму агенттігі мемлекеттік және жеке компанияларға 15 жылға дейінгі ұзақ мерзімді қарыздар беру арқылы қолдау көрсетеді.
- Француз даму агенттігі денсаулық сақтау саласында 945 мың еуро, Балқаш көлінің жоспарына 1,3 млн еуро, Арал бассейні өңірінің мектептерінде білім беру іс-шараларына 2,4 млн еуро грант ретінде бөлуді жоспарлап отыр. Техникалық жәрдемдесу шеңберінде Француз даму агенттігі Ақтау портын кеңейту және Қазақстанның оңтүстігінде электр желілерін салу сияқты бірнеше жобаларды да қарастырып жатыр, - деді Бибігүл Жексенбай.