Германиямен әуе қатынасын тоқтатарлық себеп жоқ – Елжан Біртанов

0
686

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім етті.


Германиямен әуе қатынасын тоқтатарлық себеп жоқ – Елжан Біртанов

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан мен Германия арасындағы әуе қатынасын тоқтату мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Кеше айтылғандай, ведомствоаралық комиссияның шешімімен рейстердің санын шектеу бойынша шаралар қабылданған еді. Себебі жолаушылардың тасымалын шектеу маңызды. Инфекция неғұрлым көп болса соғұрлым жолаушылар ағынын азайтамыз. Толығымен жапқымыз келмейді (Германиямен). Өйткені негізінен ұшып келіп жатқан – біздің азаматтар. Демалыс кезеңі, бизнес сапарлар мен іссапарлар бар. Сол үшін әуе қатынасын тоқтатарлық себеп жоқ», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ. Денсаулық сақтау министрі Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім етті.

Еске сала кетсек, 11 наурызы мен 24 сәуірі аралығында Lufthansa неміс әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатты. Компания Франкфурт-Алматы-Франкфурт (аптасына 4 рет) және Франкфурт-Алматы-Нұр-Сұлтан (аптасына 3 рет) бағыттары бойынша тұрақты рейстерді орындап келген.