Гонконгта тұтқындалған Қазақстан студенті кепілдікпен босап шықты

0
704

Ә.Нукпидің мүддесін Баптистік университет ұсынған адвокат қорғап жүр.


Гонконгта тұтқындалған Қазақстан студенті кепілдікпен босап шықты

ERNUR.KZ. 2020 жылғы 15 қаңтарда Гонконгтың аудандық сотында Әбілқайыр Нукпиді кепілдікпен босату қарастырылған үшінші сот отырысы өтті. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram парақшасында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, Ә.Нукпидің мүддесін Баптистік университет ұсынған адвокат қорғап жүр.

Қорғаушы тараптың дәлелдерін назарға ала отырып, сот Ә.Нукпиді кепілдікке босату туралы шешім қабылдаған. Сот шешіміне сәйкес, Ә.Нукпи 2020 жылғы 26 ақпанға белгіленген келесі сот отырысына дейін анасымен бірге Баптистік университеттің кампусында болып, бекітілген коменданттық сағатты сақтауға міндетті.

«ҚР Гонконгтағы Бас консулдығы Ә.Нукпидің анасына толық қолдау көрсетіп, адвокаттармен келіссөз жүргізуіне, сот отырыстарына қатысуына және басқа да қажетті консулдық-құқықтық мәселелеріне көмектесуде» деп атап өтеді министрліктен.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 18 қарашасында Гонконг қаласында наразылар мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Осы жайтқа байланысты пікір білдірген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақ студентінің соты 2020 жылдың қаңтарында өтетінін хабарлады.

«Сотын күтіп отырмыз. Тергеу жүріп жатыр. Соты келесі жылдың қаңтар айының ортасына жоспарланған. Өздеріңіз білетіндей, ол жақта көп адам ұсталды. Уақыты келгенде соты болады. Сол сотта шешім қабылданады. Адвокат таптық, туыстары Гонконгқа барды. Олармен кездесу өткіздік. Құқықтық көмек көрсетіп жатырмыз», - деген еді Айбек Смадияров.