Грант иегерлері құжатты 25 тамызға дейін тапсырып үлгеруі керек

0
623

Бүгіннен бастап грант иегерлері жоғары оқу орындарына құжат тапсыра алады.


Грант иегерлері құжатты 25 тамызға дейін тапсырып үлгеруі керек

ERNUR.KZ. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін қабылданады", - деп жазды ол.
Министр отандық жоғары оқу орындарына түсу үшін қандай құжаттар қажет екенін еске салды:
- жеке куәлік,
- 3х4 көлеміндегі фото,
- орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом,
- № 075/у нысанындағы медициналық анықтама,
- ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін, білім грантын тағайындау туралы электронды куәлігін тапсыру керек.

- Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар ұсынылады.