Грузия іздеуде жүрген қазақстандықты елге экстрадициялады

0
79

Былтыр желтоқсанда күдікті Грузия аумағында анықталып, ұсталған.


Грузия іздеуде жүрген қазақстандықты елге экстрадициялады

ERNUR.KZ. Грузиядан Қазақстанға 1,5 млн долларлық алаяқтыққа күдікке ілінген ер адам экстрадицияланды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол Алматыдағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатамын деген желеумен ірі көлемде ақша алып, кейін бой тасалаған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Прокуратура мәліметінше, 2023 жылғы қараша-желтоқсанда күдікті жәбірленушіні коммерциялық нысан сататынына сендіріп, одан 1,5 млн доллар алған.

Кейін ер адам Қазақстаннан кетіп қалған. Кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Былтыр желтоқсанда күдікті Грузия аумағында анықталып, ұсталған.

Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол ІІМ Интерполы мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қатысуымен Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр.

10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін оған мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.