Машинаны 11 сыныпта оқитын оқушының бірі жүргізген.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында гүл теруге шыққан бір топ оқушы жан түршігерлік жол апатына тап болды, деп жазады ktk.kz.
Аударлыған жеңіл көліктің ішінде болған жеті оқушы да жарақат алған. Оның біреуінің жағдайы өте ауыр.
Оқыс жағдай "Чапаев-Сайхин" күре жолы бойында болды. Қызғалдақ теруге барған Жаңақала ауылындағы орта мектептің шәкірттері қайтар жолда апатқа ұшыраған. Жеңіл көлікте 4 ұл, 3 қыз болыпты. Машинаны 11 сыныпта оқитын оқушының бірі жүргізген. Ол тізгінге ие бола алмай, "Лада Ларгусты" аударып алды.
Жеті сыныптас түгелдей жарақат алған. Алтауы дәрігерлер қарауынан кейін үйлеріне жіберілсе, 17 жастағы қыздың жағдайы тым ауыр. Ол дәрігерлердің қатаң бақылауында. Ал көлік жүргізген мектеп оқушысының атасының машинасын ұрлап мінгені белгілі болды.
"6 оқушы амбулаториялық ем алуға жолданды. 2002 жылғы қыз бала сол күні оған Оралдан санавициямен хирург, неурохирург, реаниматолог келіп, ота жасап кетті. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр" - дейді БҚО ДСБ баспасөз хатшысы Айнагүл Сақбосынова.