2020 жылы әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіхалықоваға ашуланған жергілікті тұрғынның видеосы тараған еді.
ERNUR.KZ. Гүлшара Әбдіхалықоваға "ханның қызы" деп ат қойған әйел ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.
"Qyzylorda PD Сандугаш Турлыбековаға қатысты ресми ақпарат берсеңіздер!" – деп жазды Нұрсұлтан Байменов атты азамат әлеуметтік желіде.
Оның жазбасының астына Қызылорда полиция департаменті пікір қалдырды.
"Аталған жарияланым бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді", – делінген хабарламада.
2020 жылы әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіхалықоваға ашуланған жергілікті тұрғынның видеосы тараған еді. Бейнежазбада облыс әкімінің бір нысандарды аралауына байланысты қоғамдық көліктерді жүргізбей, көшені жауып тастағаны айтылған. Жаяу жүріп шаршаған тұрғындардың бірі Гүлшара Әбдіхалықованың алдынан шығып, осы мәселені көтергенімен, әкім ашулы тұрғындармен тілдесіп, мән-жайды түсіндіріп жарытпаған. "Мен жолды жаптырған жоқпын" деп қысқа қайырып, жүйткіген сүліктей қара машинасына мініп кеткен. Қызылордалық тұрғын "бұл ханның қызы ма" деп айтып қалған еді. Содан бері Әбдіхалықованы бәрі "ханның қызы" атап кеткен болатын.