Гүлзира Айдарбекова ортаншы ұлы Аян мен келіні Айгерімнің қызды болғанын айтты
Қайрат Нұртастың анасы инста оқырмандарына қуанышты хабарын жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова ортаншы ұлы Аянның қызды болғанын айтты.
«Жандарым сол! Сезімім мен Алауым сіңлілі болып, Нүрекең екеуімізге, Күндердің Ұлылығы болған, Қасиетті Жұма күні бүгін, Алла отбасымызға періште енгізді. Қызым жоқ деуші едім, үйімнің қызғалдақтары, өрісім Жұлдызыммен Айгерімім арманыма жеткізіп жатқан жайы бар ағайын! Баршаңызға жұғысты болсын! Қуанышымда шек жоқ, Алла ұзағынан етіп, өмірі ғұмырлы, дені сау болсын! Немеремізді иіскегенше асығып, құда-құдағилар болып,қуаныштың көз жасымен перзентxанада отырған жайымыз бар. Құда-құдағиымызда бір қыз, бір ұл, көздерінің ағы мен қарасы ғой. Ол кісілерге де алғашқы немерелеріңіз құтты болсын демекпін» деді асыл әже.
Мұны оқыған оқырмандар легі «Бауы берік болсын!» «Құтты болсын!!!» деген ізгі тілектерін жарыса білдірді.
сурет: gulziraaidarbekovaның парақшасынан алынды