​Гвардияшылар адасып жүрген 4 жастағы баланы тауып алды

0
1 381

Бала адасып кеткенін, анасын таба алмай жүргенін айтқан.


​Гвардияшылар адасып жүрген 4 жастағы баланы тауып алды

5573 әскери бөлім қызметкерлері кешкі және түнгі кезекшілік кезінде адасып жүрген бірнеше баланы тапты, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметі. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ERNUR.KZ. хабарлайды.

21 маусымда түнгі сағат 22:20-да әскери жасақ басшысы, полиция аға лейтенанты Б.Нұрәділов пен қатардағы күзетшілер Жансерік Айтуған мен Әділет Шіркей Есіл өзенінің жағалауында қайда барарын білмей тұрған 4 жастағы баланы көрген.

Олар баланың қасына барып, ата-анасы қайда екенін сұраған. Бала адасып кеткенін, анасын таба алмай жүргенін айтқан. Олар баланың анасын 20 минут ішінде тауып берген.

Еске сала кетсек, сол күні сағат 18:30-да әскери жасақ Есіл өзені жағалауымен жылап жүрген екі баланы көрген. Оларға жақындап барып, балалар ата-анасынан адасып қалғандарын анықтаған. Жолда келе жатқанда олардың алдынан балаларын жоғалтып алған ата-ана шыққан. Сөйтіп, балалар ата-анасына аман-есен тапсырылды.