«Идеяны сот төрағасы айтқан»: Алматы облысындағы атақты әйелдер түрмесінде балалар ойнайтын бөлме ашылды

0
108

​Енді сотталған әйелдің балалары сол бөлмеде ойнай алады.


«Идеяны сот төрағасы айтқан»: Алматы облысындағы атақты әйелдер түрмесінде балалар ойнайтын бөлме ашылды

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы атақты әйелдер түрмесінде балалар ойнайтын бөлме ашылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, енді сотталған әйелдердің балалары осы бөлмеде ойнап, уақыт өткізе алады.

«Жазасын өтеп жатқан аналарымен бірге жүрген балаларды қолдауға бағытталған бастама аясында Жауғашты әйелдер мекемесінде бүлдіршіндерге арналған арнайы бөлме ашылды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, бұл идеяны Алматы облыстық сотының төрағасы Нариман Бекназаров айтқан көрінеді. Облыстық соттың төрағасы жуырда әйелдер түрмесіне барғанда балалар ойнайтын бөлменің өте нашар күйде екенін көріп, сапардан оралған соң жаңа бөлме ашу керек деген ой айтыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Жауғашты дегеніміз – Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған әйелдердің түрмесі. Ол Алматы облысында орналасқан. Баса айта кетерлігі, Қазақстанда сотталған әйелдер баласын алып жата алатын жалғыз түрме осы.