Тергеуге тұрғындардың шағымы негіз болған.
ERNUR.KZ. Алматы полицейлері "Иегово куәгерлері" ұйымының өкілдері жасөспірімдермен интим қатынаста болды деген күдікке ілінген, деп жазады tengrinews.kz.
Департамент хабарламасында 9 қазанда полиция соттың келісімімен ұйымның ғимаратында тергеу шараларын жүргізгені айтылады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оның ұйым қатысушыларының үйлерінде болған.
Тергеуге тұрғындардың шағымы негіз болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Тергеу күдіктілердің 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге қарсы бірқатар қылмыстық әрекеттер жасау дерегін тексереді. Күдіктелер туралы мәлімет тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбаған. 

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
