ІІМ құжаттарды дайындау құнын бекітті

0
421

Жүргізуші куәлігін дайындау – 4367 теңге.


 ІІМ құжаттарды дайындау құнын бекітті

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және автомобильдерге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласындағы қызметтердің бағаларын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

  • жүргізуші куәлігін дайындау-4367 теңге
  • Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік дайындау - 2250 теңге
  • мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау-3923 теңге (жиынтық үшін)
  • Транзит мемлекеттік нөмірлік белгілерін дайындау-126 теңге.

Құжаттарды дайындау, процестерді есепке алу бойынша жұмысты автоматтандыру, ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу — 747 563 358 теңге.