ІІМ полицейлерге "қызыл" таяқтарын қайтаруды ұсынды

0
826

2016 жылдың соңында Қазақстанның ІІМ-і жол полиция қызметкерлеріне арнайы таяқтарын 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға тыйым салған болатын.


ІІМ полицейлерге

ERNUR.KZ. Қазақстанның ішкі істер министрлігі жолдардағы көлік қозғалысын реттеу үшін қазақстандық полиция қызметкерлеріне таяқтарын қайтарып беруді ұсынды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Азаматтардың жол қозғалысын реттеушілердің, әсіресе түнгі уақытта іс-қимылдарын қабылдауын жақсарту жөніндегі келіп түскен өтініштеріне байланысты және жол қозғалысын реттеу кезінде келеңсіздік тудырмау үшін ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің арнайы таяқтарын пайдалану тәжірибесіне қайта оралуды ұсынады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, арнайы таяқтарды көлікті тоқтату үшін емес, тек жол қозғалысын реттеу үшін (мысалы, жол-көлік оқиғалары мен кептелістер, бағдаршамдардың ақауы немесе мүлде болмауы, ауа райының нашарлауы және автожолдардағы нашар көру және басқа да қажетті жағдайларда) пайдалану ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың соңында Қазақстанның ІІМ-і жол полиция қызметкерлеріне арнайы таяқтарын 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға тыйым салған болатын.