"Иісі деген сұмдық": Баян Алагөзованың сынынан кейін "ҚазАвтоЖол" видео жариялады

0
103

"ҚазАвтоЖол" компаниясы көп ұзамай видео жариялап, азаматтарды әжетхананы ұқыпты әрі дұрыс пайдалануға шақырды.


фото: Рixabay/ThomasWolter

ERNUR.KZ. Продюсер Баян Алагөзова жол бойынан әжетхана табу қиын екенін, табылған күннің өзінде өте лас болатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Павлодардан Астанаға бара жатырмыз. 250 шақырым жол жүріп әжетхананы әрең таптық. Жақындағаннан "жағымды" иіс шығып тұр", - деген Баян Алагөзова лас әжетхананың ішін көрсетті.
"Жылайын ба, күлейін бе? 21 ғасыр. Былай қарасаң бай ел секілдіміз. Бірақ қарапайым дұрыс әжетхана жоқ. Мұны қалай түсінеміз. Сөз жоқ менде. Иісі деген сұмдық", - деп ашуланды продюсер.
Жолды күтіп-ұстауға жауапты "ҚазАвтоЖол" компаниясы көп ұзамай видео жариялап, азаматтарды әжетхананы ұқыпты әрі дұрыс пайдалануға шақырды.
Видеодан автобус жолаушыларының әжетхананың айналасында дәрет сындырып, қоқыс лақтырып жатқанын көруге болады.

"Жол қызметкерлерінің күшімен әжетханалар күн сайын тазаланып, күтіп ұсталады. Әр бригада ондаған шақырымды жүріп өтіп, әр нүктені рет-ретімен тазалап шығады. Кейде бұл арақашықтық 40-50 шақырымнан асып жатады. Бір әжетхананы тазалап жатқанда, екіншісіне автобуспен адамдар келіп, санаулы минуттарда оның айналасын ластап кетуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Компания әжетхананы ұқыпты әрі дұрыс пайдалануға, қоқысты еденге немесе сыртқа тастамауға шақырды.
"Әжетхананың айналасына дәрет сындыруға болмайды! Бұл жағымсыз иіс тудырып, айналадағы табиғатты ластайды және келесі адамдарға қолайсыздық тудырады", - деп түйіндеді компания мамандары.