Өрт ошағы 100 гектарға дейін азайды.
ERNUR.KZ. Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті әуеден де сөндіру жұмыстары да қолға алынды.
Қазіргі уақытта су төгетін құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшағымен 34 рет көлемі 100 тоннадан асатын су төгілді.
Өрт ошағы 100 гектарға дейін азайды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге 70-тен астам адам және 34 бірлік тартылды.


