Оның 6 мың гектардан астамы сөндірілді.
Алматы облысындағы Іле-Балқаш резерватында 6200 гектар аумақта қамыс өртенді, деп жазады kaz.zakon.kz.
Оның 6 мың гектардан астамы сөндірілді.
Қызыл жалын Балқаш көлі маңындағы шағын аралдарда тұтанғандықтан оны сөндіру бірқатар қолайсыздықтар тудырып отыр.
Батпақты жерге арнайы техника бара алмайды. Сондықтан өртті жаяу жүріп қолмен өшіруге ғана мүмкіндік бар.
Қазіргі таңда мамандар 150 гектар аумақта тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Елді-мекендерге қауіп жоқ.