Іленің бойына жаңа СЭС салынады

0
2 583

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі қайта пысықталуда.


Іленің бойына жаңа СЭС салынады

ERNUR.KZ. «Самұрық-Энерго» АҚ Іленің бойына Кербұлақ СЭС-ін салуға шындап кірісті, деп жазады inbusiness.kz.

Акционерлік қоғамның даму және сауда-саттық жөніндегі басқарушы директоры Марат Ұлдановтың айтуынша, жоба Қапшағай СЭС-тің энергия реттеу қуатын арттыру үшін қолға алынған.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы жуықта сөйлеген сөзінде елдің оңтүстігінде гидроэнергетиканы дамыту керектігін айтты. 2020 жылы аукциондық сату арқылы маневрлік қуат көздерін салуға ынталандырудың заңнамалық тетіктері қолданысқа енді. Осыған байланысты «Самұрық-Энерго» Іле өзенінің бойында Кербұлақ СЭС-ін салмақшы. Қуаты – 40 МВт. Бұл құрылыс Қапшағай СЭС-тің реттеу қуатын 300 МВт-қа дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл да Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттырады. Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жаңартып жатырмыз. Бұл жоба елдің энергия жүйесі үшін ауадай қажет. Сондықтан оны іске асырамыз", – деді Марат Ұлданов.