Иманғали Тасмағамбетов Душанбеде Эмомали Рахмонмен кездесті

0
388

Кездесуде қауіп-қатерлермен тиімді күресу жолында ҰҚШҰ-ның әлеуетін арттырудың өзектілігі айтылды.


Иманғали Тасмағамбетов Душанбеде Эмомали Рахмонмен кездесті

ERNUR.KZ. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбеге жұмыс сапарымен келген ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

"Әңгіме басында Эмомали Рахмон Иманғали Тасмағамбетовты ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі", - деп хабарлады ведомство.
Тараптар бүгінгі күні ұйымның алдында тұрған міндеттерді талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі кейбір өзекті мәселелерді қарады.
Кездесуде қауіп-қатерлермен тиімді күресу жолында ҰҚШҰ-ның әлеуетін арттырудың өзектілігі айтылды.
Спикерлер әңгіме барысында Ауғанстандағы жағдай туралы пікір алмасты.