Иманғали Тасмағамбетов "КАМАЗ" директорлар кеңесіне кіруі мүмкін

0
2 567

Ресейлік ірі компанияның директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетов пен Кирилл Пузырковтың кандидатурасы ұсынылды.


Иманғали Тасмағамбетов

ERNUR.KZ. "КАМАЗ" директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетовтың кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы компания сайтындағы хабарламада айтылған, деп жазады Tengrinews.kz.

"КАМАЗ" директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне мәселелер енгізу мен кандидаттарды директорлар кеңесіне және компанияның тексеру комиссиясына сайлау үшін енгізу туралы ұсыныстарын қабылдады.

"Сондай-ақ, алғаш рет директорлар кеңесі сайлау үшін екі кандидатура ұсынылды: "КАМАЗ" ЖАҚ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырьков және Иманғали Тасмағамбетов.
Кирилл Пузырьков 2020 жылы 6 қазанда кенеттен қайтыс болған "КАМАЗ" ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі Александр Васильевтің мұрагері. Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды", - делінген хабарламада.

"КАМАЗ" ЖАҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2021 жылдың 4 маусымына жоспарланған.