Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы демалыс базалары жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

0
112

Ақмола облысындағы Бурабай курортында 25 қоқыс жәшігі, 12 жаңа санитарлық-гигиеналық торап және 23 қосымша контейнерлік алаң орнату жоспарланған.


Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы демалыс базалары жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

ERNUR.KZ. Сонымен қатар «Променад» саябағы, 8 бақылау алаңы, «Ақ бура» курорттық аймағынан ұлттық паркке дейінгі веложол (10 шақырым) салынды. Бурабай кентінің орталық алаңына және ең көп баратын «Бөлектау тауы» туристік соқпағына реконструкция жүргізілді. Бұл жайлы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Нұрбол Байжанов ОКҚ баспасөз конференциясында айтты.

Сондай-ақ «Бурабай» курортындағы автомобиль кептелісі мәселесін шешу мақсатында сыйымдылығы 500 автотұрақ орны болатын екі ұстап қалушы автотұрақ аймағын абаттандыру көзделген, сондай-ақ Громотуха өзені арқылы өтетін көпір құрылысы және Алимусина көшесінің жолын күрделі жөндеу жобасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру қажет.

«Бурабай курортына түсетін жүктемені азайту үшін Солтүстік Қазақстандағы Имантау-Шалқар курорттық аймағында да бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Курорттық аймақтағы 20 шақырым автомобиль жолы салынып, интернет желісі тартылды. Жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жергілікті демалыс базалары жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Биыл ИШКА демалыс базаларына қосымша 12 шақырым талшықты-оптикалық кабель тарту жоспарланған», – деді спикер.

Еліміздегі тағы бір танымал демалыс орны – Павлодар облысындағы Баянауыл демалыс аймағы, Маралды көлі. Баянауыл ауылындағы визит-орталықтың құрылысы жалғасуда. Қазір Жасыбай көлінің жағажайын абаттандыру бойынша жоба әзірленіп жатыр.

Брифинг аясында ТСМ өкілі жыл сайын қайталанып, дәстүрге айналатын және әр өңірдің ерекшелігіне сәйкес келетін оқиғалық шаралардың күнтізбесіне де тоқталып өтті. Биыл 55 іс-шараны өткізу қарастырылған. Олардың 11-і жүзеге асырылды. Мысалы, мамыр айында Сиверс алмасының гүлдену фестивалі өтті.

Болашақта мұндай іс-шаралар жаңа деңгейге шығып, шетелден туристер тартады деген жоспар бар.