Индонезияда екі қазақстандық ұсталды, оларға өлім жазасы төніп тұр

0
166

Қазақстандықтар биыл сәуірде қамауға алынған, олардан шамамен 49 грамм кристалл метамфетамин табылған.


Индонезияда екі қазақстандық ұсталды, оларға өлім жазасы төніп тұр

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Индонезия аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Индонезия құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша оларға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және айыпталушылардың туыстарымен байланыста. Мәселе қазақстандық дипломаттардың бақылауында", - деп жазылған СІМ хабарламасында.

Бұған дейін индонезиялық бұқаралық ақпарат құралдарында Индонезияның танымал курорттық аралы саналатын Балиде АҚШ азаматы мен Қазақстанның екі азаматы есірткіге байланысты қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Қазақстандықтар биыл сәуірде қамауға алынған, олардан шамамен 49 грамм кристалл метамфетамин табылған. Ұсталғандарға есірткі таратқаны үшін айып тағылған, оларға өлім жазасы төніп тұр.

Индонезияда есірткі сақтағаны және оның заңсыз айналымы үшін өлім жазасы қарастырылған.