​ Интим, эскорт, ауқатты еркектерге қызмет: танымал «жеңгетай» Айка 6,5 жыл жазасын өтейді

0
409

Апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды.


​ Интим, эскорт, ауқатты еркектерге қызмет: танымал «жеңгетай» Айка 6,5 жыл жазасын өтейді

ERNUR.KZ. Элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айка шілдеде аппеляциялық шағым түсірді. Бүгін Алматы қалалық сотында іс қайта қаралып, апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Яғни, 21 мамырда шыққан шешім – Айканы 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды.

«Апелляция, қылмыстық істі зерттей отырып, сотталғандарға қатысты айыптаудың толық растау тапқанын атап өтті.
  • 2023 жылдың мамыр айында М., аса ірі мөлшерде мефедронды психотроптық затты сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.
  • 2020-2023 жылдар аралығында М., Т.-мен бірге женгетайлық ұйымдастырып, қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін пайдаланды. М. осы қызметтерден жеке өзіне немесе өз көмекшісі Т. арқылы пайыз алды.
Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді», - делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске салайық, Айка психотроптық затты аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша жеңгейтайлықпен айналысу (296-баптар, 4-бөлім, 309-бөлім, 2-бөлім, ҚК-нің 1-тармағы) кінәлі деп танылды. Сот барысында ол кінәні ішінара мойындады.

Ал, іске қатысы бар екінші адам Т. 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп танылып (ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы) 3 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

2023 жылдың соңында желіде жезөкшелер мен қыздардың клиенттерінің жеке мәліметтері бар құжаттар жарияланды. ІІМ жабық әлеуметтік желілердің анықталғаны туралы хабарлады, олар арқылы Алматыда ауқатты ер адамдарға интимдік және эскорт-қызмет көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен жеке секс-кештер ұйымдастырылған.