​Инватакси қызметін көрсету қағидалары өзгеруі мүмкін

0
67

Бұйрық жобасы 2026 жылғы 14 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауда болады.


​Инватакси қызметін көрсету қағидалары өзгеруі мүмкін

ERNUR.KZ. Көлік министрінің «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы жария талқылауға шығарылды, деп жазады inform.kz.

Жоба «Автомобиль көлігі туралы» Заңның 13-бабының 23) тармақшасына сәйкес дайындалған.

Бұйрық жобасы инватакси қызметіне мұқтаж азаматтарды анықтау мәселелерін нақтылауға бағытталған.
- Атап айтқанда, қолданыстағы қағидалардың 23-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген көрсетілімдері жоқ адамдар үшін инватакси қызметін көрсетуге арналған критерийлерді белгілеу ұсынылады. Бұл түзетулер мүгедектігі бар адамдардың белгілі бір санаттарын инватакси қызметімен қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді, - делінген ведомство дерегінде.
Әзірлеушілердің мәліметінше, өзгерістер инватакси қызметін көрсетуге арналған көрсеткіштерге қатысты нормаларды жетілдіре түседі.
Бұйрық жобасы қабылданған жағдайда, оның нәтижелері ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
Құжатты қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе өзге де теріс салдарға әкеп соқпайды.
Бұйрық жобасы 2026 жылғы 14 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауда болады.