Инвесторлар моральдік-этикалық нормаларды сақтауы керек – Нұрлан Ноғаев

0
977

Атырау облысының әкімі «Теңіз» жұмысшылар кентіне келіп, ТШО басшылығымен жиналыс өткізді.


Инвесторлар моральдік-этикалық нормаларды сақтауы керек – Нұрлан Ноғаев

ERNUR.KZ. Облыс әкімі Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) фирмасының жұмысшыларымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.

Кездесуге 29 маусым күні жұмыскерлер арасында болған қақтығыс себеп болды. Қақтығыс салдарынан 30-ға жуық адам жеңіл жарақат алған болатын.

Аталған жағдайдың орын алуына түрткі болған мәселелерді анықтау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының басшылық етуімен ведомствоаралық комиссияға жүктелді.

«Мәселе әртүрлі еңбек жағдайларына байланысты туындап отыр, бұл ТШО басшылығы мен барлық мердігерлер тарапынан шешілуі қажет жүйелі мәселе. Өз тарапымыздан біз барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Инвесторлар біздің еліміздің аумағында жұмыс істей отырып, заң мен ешкімнің ар-намысына тимейтіндей моральдік-этикалық нормаларды сақтауы керек. Жақын арада біз компаниялардың бірінші басшыларымен бірге жобаның барлық қатысушыларымен кездесу өткіземіз, онда осы мәселелерді шешеміз. Ең бастысы еңбек жағдайлары барлығына бірдей болуы керек», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев кездесуде.

Өз кезегінде «Тенгизшевройл» бас директоры Имер Боннер мәслені шешу үшін және болашақта осы жағдай тағы да қайталанбауы үшін барлық керекті шараларды атқаратынын жеткізді.

«Біз жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына жанжалды жылдам шешуге көмектескені үшін алғысымызды білдіреміз. Өз тарапымыздан CCEР және басқа да мердігер ұйымдарға қатысты жұмысты атқарамыз», – деді ол өз кезегінде.

Кездесуден кейін облыс әкімі Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында компанияның қызметкерлері ТШО әкіміне және басшылығына жобаның жұмысын тоқтатпауды сұрады. Сондықтан жұмысшылар өз міндеттерін орындауға кірісе алады, жұмыс қалыпты жағдайда жүреді.