Ірі жобаларды жүзеге асыру кезінде құрылыс заттары негізсіз қымбаттатылған

0
920

Петропавлда электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды.


Ірі жобаларды жүзеге асыру кезінде құрылыс заттары негізсіз қымбаттатылған

ERNUR.KZ. Қазақстанда ірі жобалардың құрылысын жүргізу барысында бағаны негізсіз қымбаттатқан, деп жазады sputnik.kz.

"Мемсараптама" РМК көмегімен Астананың энергия торабындағы апатқа қарсы автоматиканы модернизациялау бойынша жоба құны 1,9 млрд теңгеге арзандатылды. Мұнда жобаны әзірлеушілер электр шкафтарының бағасын негізсіз қымбаттатқан.

"Тағы бір жағдай Астанада құбыр бағасын өсіруге байланысты. Магистральдық айналма кәріз коллекторын салу құны 5,3 млрд теңгеге арзандатылды. Петропавлдағы Солнечный кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу кезінде электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды. Нәтижесінде 2,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді", - дейді ведомство.

Сондай-ақ қазіргі уақытта облыс әкімдіктерімен тағы 24 нысанның шығынын 13 млрд теңгеге төмендету бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
"Мәселен, Қарағандыда өндірістік ағындар мен жерүсті сарқынды суларын тазартатын құрылыс жобасы бойынша жабдықтың тек үш түрінің құны 541 млн теңгеге асыра көрсетілген. Жалпы алғанда, 8 жоба бойынша екі айдың ішінде бюджет шығыны 10 млрд теңгеге төмендетілді", - дейді агенттік.